Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты

30 қараша 2018 жылы Алматы университетінде 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты 5В011600 – География мамандығының студенттерімен топ тәлімгері Кошербаева Шынар Слямбековна ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған президент екенін таныту, студенттердің саяси сауаттылығын кеңейту, ой- өрісін дамыту елбасымызға деген құрмет сезімдерін тереңдету мақсатында өткізілді. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

 

     

 

Сонау халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төгіп солардың арқасында бүгінде біз Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырғандығымыз жайлы сөз қозғалды. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан өткен қиындықтары, жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырларымыз көп болғандығы айтылып. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істері кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасқандығы жайлы олардың күрес жолындағы ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік жолында тер төгіп, өз жандарын құрбан еткендіктері жайлы тарихымызға қысқаша шолу жасалынып өтті.

 

     

 

Әлем таныған дарынды тұлға, іскер саясатшы, ҚР тұнғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 27 жыл ел басқарып келгендігі, Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп атын шығарып, ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек еткен елбасымыздың жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Елордамыз Астана – Елбасымыздың ерен ерлігі. Мұны жер жүзінің екі жүзге жуық мемлекеттерінің баршасы мойындағаны, Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік, халықаралық алуан түрлі, бейбітшілікке, тұрақтылыққа, татулыққа, адамзаттың бүгіні мен болашағына, ізгіліктің мәңгілігіне қызмет ететін ірі-ірі, маңызды да мәнді шаралар арқылы біздің көшбасшымыз жаһанды таңғалдырып келетіндігі жайлы видео роликтер көрсетілді.
Елордамыз Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» атты Жалпы дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі өткендігі айтылып, көрме ТМД елдерімен Орталық Азия аумағында өткізілген ең алғашқы халықаралық көрме болғандығы  көрменің өткен барысы жайында мағлұматтар берілді.
 
     
 
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші. Әрбір білімгер, саясаткер, өз жері мен оның байлығын пайдаланып, елдің сыртқы және ішкі саясатын жақсартып, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын игеру әрбір елдің президентінің міндеті екендігі аян. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына өзінің жолдауын жыл сайын жолдап келе жатқандығы және Елабасының әр Жолдауы – толғауы терең қайталанбас дүние екендігі, өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалатындығы айтылып, осы күнге дейінгі халқымызға жолданған жолдаулары жайлы студенттеріміз өз мәліметтерімен қысқаша таныстырды.
 
     
 
Ел басының жолдаған жолдауын бірі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауының «Туған жер» бағдарламасы аясындағы Қазақстанның киелі жері Түркістан қаласына География және Тарих мамандықтарының студенттері мен оқытушылары мамыр айының 11-13 аралығында барып, киелі жерді тамашалап, ерекше әсер алғандықтары жайлы ойларымен бөлісті. Туған жер – әр адам шыр етіп дүниеге келген жері. Сондықтан, туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарау – шынайы патроитизмнің белгісі екендігі анық.
Кез келген мемлекеттің дамуы мен тұрақтылық жағдайында қалуы тек халқы, географиясы мен экономикасына байланысты емес. Елдің даму бағытын анықтайтын тұлғаның орны ерекше. Осы ретте әлем басшыларының Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралы көзқарастары мен айтқан  пікірлерімен таныстырып өтті.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта,      
Қалар анық өшпес алтын әріппен, -  демекші.
Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. Біз – бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейк! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз көркейе берсін! Барлықтарыңызды 1 желтоқсан– Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймыз!

 

 

 

«Еліктірер субмәдениет» тақырыбында педагогикалық-психологиялық дәріс

12.12.2017 жылы Алматы университеті «Педагогикалық мамандықтар» факультетінің «Педагогика және психология» мамандықтар кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., Қожамкулова Назгуль Сейфулинқызының «Еліктірер субмәдениет» тақырыбында педагогикалық-психологиялық дәріс өткізді. 

Дәріске Алматы Университетінің оқытушылары мен студент жастары қатысты.  

 

 

 

 

 

 

Университеттің "жаратылыстану және гуманитарлық" мамандықтар кафедрасына қарасты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының аға оқытушысы Найманбаев Алмас 2-курс студенттерімен xалық ауыз әдебиеті пәні бойынша "Айтыс-сөз барымтасы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық дәріске кафедра оқытушылары қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық дәрістің негізгі мақсаты-студенттердің ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Халық ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі ретінде дәріптеу болып табылады.

 

 

 

 

Открытое лекционное занятие

04.12.2017г. Открытое лекционное занятие провела к.п.н., доцент Абишева Ж.А. по дисциплине «Основы индивидуальной и групповой психотерапии для студентов и магистрантов.

 

ППС студенты с большим интересом слушали открытую лекцию к.п.н., доцента Абишевой Ж.А. на тему: «Психологические тренинги».

 

Психологический тренинг на тему: Жизнь и смерть: куда мы смотрим на самом деле». Студенты активно выполняют психологические задания.

 

На открытом занятии присутствовали: Проректор УМР Демеуова Л.Н., зав. кафедрой Карибаев Ж.А,, ответственная по факультету за взаимопосещение Рахманова Н., представители учебного отдела.

 

Участники психологического тренинга: Навыки эмоциональной компетентности».

 

Психологический тренинг: «Колесо жизненного баланса».

 

Психологический тренинг на тему: «Вербальный маркер». Для специальностей: «Психология», «Педагогика и психология».

 

Ашық сабақ English Today

Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Джакибаева–ның 30 қараша күні сағат 10:00-де 705- аудиторияда ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ тақырыбы: English Today.

Сабақтың мақсаты: студенттердің ағылшын тілін үйренуде жазу мәнерін, оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақ қорытындылау (өткен грамматикалық шақтарды қайталап, мысал келтіру, сұрақ болымсыз түрін жасау).

Студенттердің сөйлеу дағдысын дамыта отырып, текст оқу, аудару, түсінгенін әңгімелеу.

Сабақ көрнекіліктері: суреттер, магнитафон, интерактивті тақта.

Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Қатысқан оқытушылар студенттерге бұданда жоғары деңгейде жұмыс жасауға сәттілік тіледі.

 

  

 

  

«Имандылық-адамгершілік бастауы» атты тақырыпта отырыс

Университетімізде 17 қазан күні «Сырласу» қыздар үйірмесінің жетекшілігімен «Имандылық-адамгершілік бастауы» атты тақырыпта отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты: әрбір қыз баласының ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру қатар мейірімділік және қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру болып табылады.      

Жиынға тәрбие ісі жөніндегі проректор Амангалиева С.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абишева Ж., педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бейсембаева З., кафедрамыздың аға оқытушысы Джакибаева А.  және студенттер қатысты.

Жиында 2 курс студенті Тоқбергенова Назерке «Ұлттық тәрбие бастауы отбасынан» тақырыбында баяндама жасады. «Қыз болмысы» тақырыбында бейне роликтер көрсетіліп,  2 курс студенті Жанашбаева Аймерекенің «Қыз баланың сұлулығы» тақырыбында өлең оқылды және 3 курс студенті Каипбаева Айшолпанның «Ананың мейірімі» атты әні орындалды. Қазіргі кыздарымыздың бойындағы кездесіп жатқан жат әдеттер мен теріс қылықтардың болу себептері мен одан арылу жолдары жөнінде пікір алмасу жүргізіліп, «Сенім» психологиялық клубының жетекшісімен кеңестер беріліп талқыланды.

 

    

 

«Ұлы дала елінің тарихы» атты интелектуалдық ойыны

Университетімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 қараша 2016 жылы «Бизнес және құқық» кафедрасының, магистр МВА, аға оқытушысы А.Б.Буламбаев ұйымдастыруымен 2 және 3 курс 5В050900 – «Қаржы», 5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В050800 – «Есеп және аудит»  қазақ топтары және 5В030100 – «Құқықтану» орыс тобының студенттері арасында «Ұлы дала елінің тарихы» атты интелектуалдық ойыны өтті.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Интелектуалдық ойының мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Ойынға жалпы «Достық», «Қазақстан болашағы» және «Жалын» қазақ командалары, сонымен қатар «Законотворцы» және «Мачо и ботан» орыс командалары сайысқа түсті. 

Жалпы «Ұлы дала елінің тарихы» интелектуалдық ойыны 4 кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең блиц турнир «Бәйге» деп аталды. Бұл сайысымызда қатысушыларға сұрақтар қойылады. Кім жауап білсе, сол жылдам жауап беруі керек. Әр бір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Ойының 2-ші кезеңі «Еліміздің тарихы» деп аталды. Яғни ойыншылар берілген 3 тақырып бойынша 5 сұраққа жауап беру керек. Әр сұрақ әр түрлі бал бағамымен бағаланады. Тақырыптар тауы «Атаулы күндер», «Қазақстан қалалары», «Символдар».

Ойынымыздың 3 туры капитандар сайысы деп аталды. Бұл сайыста команда капитандарына жалпы сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтардың көп мөлшеріне жауап берген капитан жеңіске жетеді.

Ойынымыздың қорытынды кезеңі «Үй тапсырмасы», яғни әр команда «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Командалар ойын барысында өздерінің зияткерлік және Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік меңгергендігін көрсете білді. 

«Бизнес және құқық» кафедрасының экономика  ғылымының кандидаты Калиева Гульжан Коктеубаевна,  заң  ғылымның кандидаты, аға оқытушы Казиев Онгарбай Конуратбаевич және аға оқытушы Ахметова Дина Абдикуловна  мен Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аманғалиева Сымбат Тлегеновна ойынның әділ өтуіне ат салысты.

Жалпы командалық есеп бойынша әділқазы алқалары бірінші орынды «Жалын» командасына табыстады.

Екінші орынды «Законотворцы» және «Мачо и ботан» командалары иеленді.

Үшінші орынға «Достық» және «Қазақстан болашағы» командалары жеңіп алды.

Жалпы интеллектуалды ойын өтте тартысты және қызық өтті. 

  

 

Білім беру ортасындағы ақпараттық технологиялар

18.05.2017ж. Университет ішіндегі ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде «Алматы университетінде E-learning жүйесі арқылы қашықтан оқытуды дамыту»-атты ғылыми жоба негізінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің п.ғ.к.,профессор Н.Н.Керімбаевпен видеоконференция өтті. (Ғылыми жоба жетекшісі п.ғ.к., профессор м.а.  А.С.Акрамова).

5В011100 – Информатика мамандығының студенттері онлайн режимінде «Білім беру ортасындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында пікір таласқа белсенді қатысып отырды.

Іс-шараға «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының магистр, аға оқытушы С.Авдарсолқызы модератор ретінде қатысып, сөз сөйледі.

 

 

"Информатика әлемі" - атты интелектуалды сайыс

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы С.Авдарсолқызының ұйымдастырумен 19.04.2017ж. 5В011100-Информатика мамандығының 1,2,3 курс студенттеріне  "Информатика әлемі" - атты интелектуалды сайыс өткізілді.

Интелектуалдық ойынның мақсаты: Информатика мамандығы студенттерінің ойлау қабілеттерін сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін, ой ұшқырлығын дамыту, оқуға деген ынтасын арттыру. Ақпараттық технологияларды меңгерген білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, мамандық иесін тәрбиелеу.

     Ойынға «Компьютер» және «Антивирус» топтары сайысқа түсті. Жалпы интелектуалды сайыс 6 кезеңнен тұрады:

  1.  «Таныстыру»;
  2. «Құпия алаң»;
  3. «Адасқан әріптер»;«Жұмбақ шешу»;
  4. «Бәйге»;
  5. «Мақал –сөз мәйегі».

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырды. Әділ-қазылар алқасы ғылым  бөлім бастығы т.ғ.к., Э.Б.Бералиева, п.ғ.к., доцент А.С.Акрамова, аға оқытушы Г.Әстемес, кафедра аға тәлімгері Г.Икрамова, бағдарламашы Н.Алдабергенова болып тағайындалып, ойынның әділ өтуіне белсене ат салысты.

Жалпы командалық есеп бойынша әділқазы алқалары бірінші орынды «Антивирус» тобы, ал екінші орынды «Компьютер» тобы иеленді. Интеллектуалды сайыс өте тартысты және қызықты жоғары деңгейде өтті. 

 

    

Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

2016 жылдың 29-қараша күні 5В011300-Биология мамандығының тәлімгері З.А.Ибрагимованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жастарды өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Болашақ жастарға елді, Отанын сүюге және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Іс-шараға 5В011300-Биология мамандығының студенттері белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті.  Желтоқсан оқиғасынан көріністер көрсетіліп, өлеңдер оқылды. 

  

Психикалық ауруларға жалпы түсінік

Қараша айының 23 жұлдызында психология мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Психикалық ауруларға жалпы түсінік" атты ашық тәрбие  сағаты өткізілді.

     Ашық сабақтың мақсаты: кең таралған аурулардың клиникалық психологиясының сипаттамасының себептері мен ерекшеліктерін студенттерге түсіндіру,ауру адамдарға дұрыс көзқараспен қарауға,оларға көмек қолын созуға, және де студенттерді өз бетінше іздендіруге дағдыландыру.Психологиялық аурулардың көптеген түрлеріне, айта кететін болсақ: "Абстиненция","Ажитация", "Даун", "Депрессия","Желікпе", "Истерия","Шизофрения "және т.б. ауруларға қысқаша анықтама берілді. Сабақты тамаша көңіл-күймен бастап, студенттерге жағымды көңіл-күй сыйлау үшін"Нұрға бөлену" тренингі өткізілді.

Сабақ соңында университет студенттері өздерін толғандырып жүрген әр түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып,сол сұрақтарға толыққанды жауап алды. Сонымен қатар ашық сабаққа қонаққа келген ұстаздар өз ойларын білдіріп,сабаққа жоғары баға қойды.Ашық сабақ жоғарғы деңгейде өтті!

 

«Мәңгілік ел» - Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы салт-дәстүрдің алар орны тақырыбында кездесу

 


 

 

19-қазан 2016 жылы «Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы салт-дәстүрдің алар орны» тақырыбында «Бизнес және құқық» кафедрасының магистр, аға оқытушы Жылқыбек Нақыптың ұйымдастырылуымен «Құқықтану» мамандығы 1,2,3-курс студенттері этнограф Болат Бопайұлымен кездесу өткізілді.

Қатысушылар: Этнограф Болат Бопайұлы, профессор – оқытушылар құрамы мен студенттер.

   

Абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуы

Университетте 13.10.2016 жылы дәстүрлі өтетін Абай оқулары аясында абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: Абай шығармаларының текстологы, алаштанушы, ақын, аудармашы, драматург - Қайым Мұхамедхановтың өнегелі өмірі, шығармашылығы, ғылыми еңбектері, қайраткерлік қызметі туралы студенттерге хабарлар беру. Қайраткер ғұмырының үлгісінде жастардың бойына рухани, адамгершілік, патриоттық тәрбие сіңіру. Дөңгелек үстелге «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық қорының директоры, профессор Дина Қайымқызы Мұхамедханова қатысып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қайым Мұхамедханов туралы   шәкірті, университетіміздің ұстазы Нұржанат Малдыбайқызы Рахманова баяндама жасады.

Видиороликтен Абайдың шөбересі Газел Жағыпарқызы Мағауина, Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатова, жазушы Герольд Белгер, академик Рабиға Сыздықовалардың Қайым Мұхамедханов туралы пікірлері тыңдалды. Қайым Мұхамедхановтың  өзі жазған, ол кісіге арнап жазылған  хаттардан, өз өлеңдерінен,ол кісіге арналып жазылған өлеңдерден   студенттер үзінділер оқиды. Қайым Мұхамедхановқа арналып жазылған «Жан аға», «Ұстазым» әндері шырқалды. Дөңгелек үстелді Педагогикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Бекен Лесбекұлы Махмутов қорытындылап,ғибратты өмірден сабақ алуға шақырды. Дөңгелек үстелге тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева С.Т., университеттің ПОҚ және студенттері қатысты.

Язык – живая душа народа

    2016 жылдың  20 қыркүйегінде орыс тілі пәні оқытушысы Бекмуратова Ж.Ж. «Язык – живая душа народа» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған психология, шет тілі мамандықтарының барлық студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге ана тіліміздің маңыздылығын, басқа тілдерді құрметтеуді үйрету. Тәрбие сағатына тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева С.Т., кафедра меңгерушілері, кафедраның ПОҚ және студенттері қатысты.

 

Мой язык – моё богатство

   2016 жылдың  20 қыркүйегінде шетел тілі пәні оқытушысы Қалбергенова Ш.Б. «Мой язык – моё богатство» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге ана тіліміздің маңыздылығын, басқа тілдерді құрметтеуді үйрету. Тәрбие сағатына тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева С.Т., кафедра меңгерушілері, кафедраның ПОҚ және студенттері қатысты.

 

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

09.12.2015 күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «Психология» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының студенттерімен п.ғ.м., оқытушылары Ж.С.Адирбекова мен А.Т.Тұздыбаеваның ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара өтті. Кеш қонақтары желтоқсан оқиғасына қатысушылар: С.К.Алімбаев, А.Ә.Кәріпжан, Г.Ж.Темірбекова, Ж.А.Умтилдаева шақырылды.

 

Студенттер тіл білгірімен кездесті

17.02.2016 күні Алматы университетінің «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ ғылымы: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының төрағасы Өмірзақ Айтбаевпен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты академик Өмірзақ Айтбаевтың шығармашылық, ғылыми еңбектерімен таныстыру болатын. Сонымен қатар, бүгінгі қазақ ғылымының қай бағытта дамып отырғаны жөнінде студенттер көптеген мәлімет алды.

 

Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым

2015 жылдың 10 желтоқсанында «Биология» мамандығының тәрбие жетекшілері Ибрагимова З.А., Шардарбеков Д., Умирзакова Н.Т. «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған «Биология» мамандығының барлық студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Тәрбие сағатына университет ректоры т.ғ.к., Шілдебай С.Қ., тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева С.Т., кафедра меңгерушілері, кафедраның ПОҚ және студенттер қатысты.

 

 

Студенттердің пәндік олимпиадасы өтті

26.03.2015-27.03.2015 күндері аралығында «Лидер» студенттердің ғылыми үйірмесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасының 75 жылдығына орай «Педагогика және психология» пәндері бойынша өткізілген VІІ Республикалық пәндік студенттер олимпиадасына қатысты.

Аталмыш жарыстан студенттер Мурадалиева Айжан, Майдин Айнурям, Қырықбай Жадыра, Базарбек Шынарай ІІІ-ші жүлделі орынға ие болды. Әр-түрлі номинациялық орындардан Майдин Айнурям «Топ қуаты» номинациясын алса, «Озық технологияларды қолданушы» номинациясына «Тұйғын» тобы марапатталды. Және топ жетекшісі Дуйсенбаева Айнұр «Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялары» атты шебер-сыныпқа қатысып сертификат алды.

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz