Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
20-02-2019
Ауған соғысының ардагерлерімен университетте кездесу өтті

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Алматы университетінде 20 ақпан күні «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану. Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету. Алғашқы сөз кезегі университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры  С.Т.Аманғалиеваға беріліп, кездесуге келген ардагерлерді таныстырып, бейбіт күннің мерейлі мерекесімен құттықтап, осындай ауыр аманат арқалап, батылдықпен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ардагерлерді қадір тұтатынын жеткізді. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Ахметжанов Серік Тлегенұлы, Орынбасаров Бахытжан Мейірбайұлы келіп, адамзат тарихындағы Ауған соғысының алар орны жайлы әңгімелеп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытында тағлымы мол естеліктерімен бөлісті. Сұрапыл соғыста қаза тапқан ерлерімізге бір минут үнсіздік жарияланып, еске алынды. Бейнефильм көрсетіліп, жас ақын Мұқамет Үмітнұрдың арнау өлеңі оқылды. Соғыс ардагерлері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, мерекелік шараны ұйымдастырған жастарға алғыстарын білдірді. Кездесу соңында ардагерлерге арнайы дайындалған естелік сыйлықтар табысталып, естелікке суретке түсті.

 

     

 

     

 
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz