Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
07-03-2019
Арулар байқауы

            Алматы университетінде 5 - наурыз күні «Университет аруы-2019» атты байқау болып өтті. Сұлу да сымбатты,  ақылына көркі сай, білімді де өнерлі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін сұлулар сайысына сайдың тасындай іріктеліп, 5 студент қатысты.

            Сайыста сұлулар 7 номинация бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда: сәлемдесу, мәнерлеп  оқу, мақал-мәтелдер, ұлттық тағам, өз өнерін көрсету, кейіпкер бейнесін бейнелеу және сән үлгісі.

            Арулар сайысына қазылар алқасынан Қазақстан Республикасының Еңбек  сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова, университет ректоры  Ермағанбетов  Мүбарак  Ермағанбетұлы,  Әлем халықтары жазушылары Одағының президенті, ақын – сазгер Қайрат Дүйсен – Парман, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің әншісі Әлдекенов Сағат Құтпанұлы және  Қазақ радиосының журналисі Гүлмира Нәлібай төрелік етті.

           Алдыңғы номинацияларға қарағанда көрікті қыздар өз өнерлерін көрсетуде бірінен-бірі асып түсті. Бірі, «Тұмар ханшайымның» образында шықса, енді бірі қазақтың батыр қызы Ләззат Асанованың бейнесін сомдады. «Жетім қыздың» монологы оқылғанда көрермендердің көзіне жас үйірілді. Кеңес Одағының батыры, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың бейнесін бейнелегенде аруларымыздың бойынан батырлық пен нәзіктік қатар көрініс тапты. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы Ана бейнесін көргенде, рухтанбаған жан қалмады. Жеті түрлі сайысты тамашалаған Алматы университетінің студенттері мен кеш қонақтары қазақ қыздарының өнерлеріне дән риза болды.

          "Университет аруы" атану - кез-келген қыз баласының арманы. Сондықтан жеңімпазды анықтау қазылар алқасына оңай болған жоқ. Сонымен, Алматы университетінің "Университет аруы-2019" байқауының жеңімпазы, яғни бас жүлдені сайыстың басынан аяғына дейін белсенділік танытқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті  Исмайлова  Гүлімхан жеңіп алды. І орынды «Шет тілі: екі шет тілі »  мамандығының 1 курс студенті Нұртай Альбина иеленді. Ал, ІІ орын «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті Чилан Аружанға бұйырды.  ІІІ орынға «Педагогика және психология» мамандығының  1 курс студенті Керімбай Мақпал лайық деп танылды. Байқауға қатысушы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті Жорабекова Аяулым «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді.

          Жеңімпаздарды құттықтау рәсімінде Алматы университетінің ректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы «Университет аруы-2019» байқауына қатысушы қыздардың барлығына оқу ақысын төлеуге жеңілдік бере отырып, бас аруға отыз пайыз жеңілдік жасап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге Университетіміздің ректоры бұл сайыстың биыл университетте 15 – рет өтіліп отырғандығын айта отырып, дәстүрлі  «Университет аруы» байқауын ұйымдастырушы «Мансап орталығының бастығы», университет профессоры  Әділбекова Хадиша Кондратқызына  ризашылығын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

         Студенттік шақтың ұмытылмас кезеңдерінің бірі - жатақханадағы қызықтар мен университет ішінде өтілетін  байқаулар екені даусыз. «Университет аруы» байқауы сол ұмытылмас  студенттік шақтың бір көрінісі. Жыл сайын өтсе де өз маңызын жоғалтпайтын іс-шара екеніне биыл да көз жеткіздік. Тәрбиесі мен тәлімі бар, халқымыздың салт – дәстүрін дәріптейтін «Университет  аруы» сайысын ұйымдастырушы Әділбекова Хадиша апайымызға айтар алғысымыз шексіз.

 

                  

   

   

   

   

   

 
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz