Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
12-04-2019
ЖОО студенттері арасында шағын футболдан жарыс өтті

       2019 жылдың 11 сәуір күні  Дүниежүзілік денсаулық күніне  орай  Алматы университетінің ұйымдастыруымен Әуезов ауданының ЖОО студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттерді  салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру мақсатында  «МЕДИНА»  ойын-сауық әлемінде  шағын  футболдан  жарыс өткізілді.

      Жарыстың ашылу салтанатында  Әуезов ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы  Жасұлан Иманбеков  жарысқа қатысушы командаларға, ойыншыларға сәттілік тіледі. Ойын қызықты және  тартысты түрде өтіп, жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында  доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға  допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді.  Жарыс нәтижесі бойынша  тартысты ойынымен көзге түскен  «Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институты» 1 орын,  Нархоз Университетінің спортшылары     ІІ орын, «Қазақ қатынас жолдары университеті»  ІІІ орынды  иеленіп, бақтары мен баптары қатар келіп, жоғары шеберлік көрсеткен үздік командалар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен  марапатталды. Жарыстың жабылу салтанатын бас төреші А.И.Орлов  қорытындылады. 

      Жалпы ойын барысында қатысушы спортшылардың көрсеткен шеберліктері ойынның кәсіби деңгейде өткеніне дәлел бола алды. Ал бастысы ойыншылар салауатты өмір салтын ұстануды қолдайтынын және спортты шын сүйетінін танытты.  

  

  

  

  

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz