Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
ЖАҢАЛЫҚТАР
19-04-2019
Алматы университетінде жас ғалымдардың V-ші Республикалық ғылыми конференциясы өтті

             19 сәуір күні Алматы университетінде «Ғылым, білім, инновация: дамудың заманауи жағдайы мен болашағы» атты студенттер мен жас ғалымдардың V-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми іс шараға еліміздің ЖОО студенттері қатысып, ғылыми тақырыптары бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы технологиялық университеті, Қайнар академиясының студенттері зерттеп жүрген тақырыптарын сөз етті.

Конференцияның ашылу рәсімінде университет ректоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы:

Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар! Бүгінгі «Ғылым, білім, инновация: дамудың заманауи жағдайы мен болашағы» атты студенттер мен жас ғалымдардың V-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қош келдіңіздер! 2019 жылдың 23 қаңтарында ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында Елбасының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өткенін сіздер жақсы білесіздер. Елбасы өз сөзінде: «Бүгінде біздің өміріміздің барлық саласы – білім беру, жұмыс, отбасы, тіпті бір-бірімізбен қалай сөйлесетінімізге дейін елеулі өзгеріске ұшырап отыр. Осының бәрі әрбір адамның даму траекториясына және тұтастай алғанда, бүкіл әлемге түбегейлі ықпал етеді. Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет туып келеді. Біздің ел уақыттың осы талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан қабылданып жатқан барлық күш-жігер елді болашақ серпіліске әзірлеуді діттейді және қуатты Қазақстанды құруға бағытталған»,-деген Елбасы пікірін алға тарта сөз сөйледі. Сонымен қатар, еліміз жастардың ғылыммен, бизнеспен айналысуына жағдай жасап жатқандығын, соңғы жылдары еліміздің әр аумағында бизнестің қыр-сырын меңгерген азаматтар «Бизнес бастау мектептерін» құрып, жастарға өз ақыл-кеңестерін беріп жүргенін әлеуметтік желі арқылы бақылап отырғандығын тілге тиек етті. Оның ішінде Алматы университетінің студенттері құрған «Құлагер» бизнес клубын сөз етіп, алғашқы табыстарына да қол жеткізгенін мақтаныш санайтынын жеткізді. Сөз соңында конференция жұмысына және оған қатысушы студенттер мен жас ғалымдарға сәттілік тілейтіндігін мәлімдеді.

            Пленарлық отырыста Алматы университеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті Мамырхан Дәуреннің «Абай шығармаларындағы толық адам бейнесі», Қайнар академиясы, құқықтану мамандығының 2-курс магистранты Сламханов Айбергеннің «Современное состояние борьбы с вовлечением несовершеннолетнего в преступную и антиобщественную деятельность», Алматы технологиялық университеті, экономика мамандығының 1-курс студенті Тұрарбек Назеркенің «Қазақ қоғамындағы діни сананың тарихи», Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 2-курс студенті Кубашев Алимжанның «Заманауи әлемдегі балалар жағдайының құқықтық аспектілері»,  Алматы университеті, Информатика мамандығының 2-курс студенті Чулакова Айдананың «Ел ертеңі – жастарда» тақырыптарында баяндамалары тыңдалып, конференцияға қатысушы қонақтардан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

            Конференция жұмысы түстен кейін секциялық отырыста жалғасын тапты. Жалпы саны алты секцияда үздік баяндамасы үшін студенттер мен жас ғалымдар I,II,III Дәрежелі дипломдармен марапатталды.

  

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz