Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АЛМАТЫ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                     Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші

                                     кезекте ұлттық экономиканың мамандарға

                                     деген қазіргі және келешектегі сұранысын

                                     барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.

Н.Назарбаев («Қазақстан-2050» Стратегиясы)

 

Кіріспе

 

Жоғары білім – білікті кадрларға деген қоғамның сұранысын өтеу мақсатында жұмыс істейтін басты әлеуметтік институт болып табылады.

XXI ғасырдағы білім – кез келген қоғам мен мемлекет дамуының басты  стратегиялық ресурстарының бірі болып табылады, сондай-ақ еліміз бен дүниежүзілік білім жүйесін дамытудың маңызды беталысы – жаһандандыру,  аймақтандыру, интернационалдандыру болып табылады.

Заманауи білім жүйесі, кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат,  бiр мүдде, бiр болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларында айрықша атап көрсетілді.

Ел Президенті ұсынған әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру Стратегиясында жоғары білім мен ғылым саласындағы алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген:

-Ғылыми сыйымды экономика принциптерінде Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, тиімді оқыту жүйесін құру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

-Халықаралық үлгідегі сертификаттар беру арқылы білім жүйесін дамыту;

-ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу;

-жоо-ның ғылыми-зерттеу қызметін дамыту: қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құру және дамыту.

Қазақстан «Болашақ экономикасы» секторларын қалыптастыру мен дамытудың нәтижелі және тиімді жұмыс істейтін ұлттық инновациялық жүйесін құруға дәнекерші. Оны іске асыру үшін 2020 жылға дейін елімізді ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспары әзірленді. Сондай-ақ, бұл жоспарды іске асыруда көп бейінді университеттердің басты орын алатыны шүбәсіз.

2013 жылдың  31 қаңтарында Астана қаласында өткен жоо-ларды оңтайландыру мәселелерін іске асыру бойынша ҚР БжҒМ-нің кеңейтілген алқа шешімі негізінде, Алматы Университеті - Алматы үздіксіз білім беру университеті мен «Сымбат» дизайн және технологиялар академиясы сияқты, екі жоо-ның қосылуы жолымен құрылды.

Университет – жоғары оқу орнына дейінгі білім беруге даярлау, бакалавриат, магистратура кіретін бірыңғай үздіксіз білім беру мектебі болып табылады.

Университеттің басқару принциптері – стратегиялық жоспарлау және басқару - республикалық және халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекет, нарық және жеке тұлға мүдделерін ескере отырып, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы Университетінің Стратегиялық міндеттері – Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді тұрақты дамуы мен оның жаһандық, дүниежүзілік экономикаға интеграциялануын қамтамасыз етуге икемді, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарының жаңа буынын даярлау болып табылады.

2015-2020 жылдарға арналған Алматы Университетінің Даму стратегиясын әзірлеу қажеттілігі – қарқынды әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, білім беру жүйесін дамыту және еліміздің жаңа басымдықтарымен алдын ала анықталды:

-Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қаласы, 2014 жылғы 11 қараша).

-                        2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасымен;       

-                        Қазақстан Республикасында Білім беруді дамыту тұжырымдамасымен;

-                        «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

-                        «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

-                         «Қазақстан – 2030» Стратегиясымен;

-                        ҚР БжҒМ-нің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарымен;

-                        ҚР БжҒМ-нің 2011-2015 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарымен;

-                        ҚР БжҒМ-нің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарымен.

Алматы Университетінің 2015-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы еңбек нарығының барлық талаптарына сай болатын, бейіні, құзыры мен  біліктілігі бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, жаңа ұрпақ мамандарын даярлауды жүзеге асыратын, академиялық орта құруға бағытталған инновациялық түрдегі жоо құру перспективасын анықтайтын тұжырымдамалық құжат болып табылады.

 

I. Миссия және болжау

  Миссия: түлектерге білім беру және кәсіптік даярлауды жоғары сапалы қамтамасыз ететін, білім, ғылым және өндірістің тығыз ықпалдасуына бағытталған көп бейінді үлгідегі университет.

Көп бейінді университет ретінде, университет студенттері мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету және белсенді халықаралық ынтымақтастық, әлемдік беталыс пен принциптерге сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз ету, білім беру, зияткерлік және инновациялық кеңістікті қалыптастыруды қарастырады.

Осы миссияны іске асыру – әлемдік еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін, ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінің дағдыларын, заманауи технологияларды игерген, білікті, отандық және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудан тұрады.

Болжау: Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін қажетті, енгізілген үздіксіз білім беру моделі негізінде зияткерлік дамыған мамандар даярлауды қамтамасыз ету. 

Алматы Университетінің миссиясы мен болжауын анықтау –  даму басымдықтары шартты, келесі интегралды белгілер болып табылады:

-білім беру; өнер; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар; қызмет көрсету бағыттары бойынша кәсіптік даярлауды іске асыру;

-ғылым, білім және экономиканың заманауи салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

-халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі ықпалдастық, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық алмасуы;

-жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы;

-тиісті материалдық-техникалық базасының болуы;

-әлеуметтік кеңістіктің дамыған жүйесі.

Басты мақсаты: білім іргелілігін сақтау есебінен, білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолымен университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу және ғылыми-зерттеу қызметін біріктіру, ең жаңа технологиялар мен заманауи оқу материалдарын пайдалану, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бағытталу.

Университет мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

§  университеттің жаңа ұйымдық құрылымын қалыптастыру және корпоративтік басқару принциптерін дамыту арқылы, оның тиімділігін арттыру;

§  оқу және тәрбие үдерістерін ықпалдастыру үшін нормативтік-ұйымдастыру, кадрлық, программалық-әдістемелік және басқа да жағдайлар жасау арқылы университет қызметін жетілдіру;

§  қазақстандық және әлемдік деңгейдегі мамандарды тартып, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыру және маңызын жетілдіру;

§  білімді информатизациялау және жаңа оқу технологияларын енгізу;

§  іргелі және қолданбалы зерттеулерге студенттерді тарту негізінде ғылыми-зерттеу үдерісін жетілдіру, ғылыми-зерттеу кластерлерін құру жолымен, профессорлық-оқытушылар құрамының инновациялық қызметін ынталандыру;

§  кадрлық әлеуетті дамыту және жақсы шетелдік және қазақстандық білім беру тәжірибелерін тарату;

§  университет кампусында заманауи материалдық-техникалық инфрақұрылым құру.

 

  II. Ағымдағы жай-күйге талдау жүргізу

  Университет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін ұсынады. Мамандар даярлау «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Болон декларациясы мен білім саласындағы басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес, «бакалавр-магистр-PhD докторы» үш сатылы жүйесі бойынша жүргізіледі. 2004 жылдан бастап университет студенттерге жеке білім беру траекториялары мен оқытушыларды таңдаумен қамтамасыз ететін, кредиттік оқу технологияларын іске асыруға кірісті.

Университетті басқарудың ұйымдық құрылымы 2015-2020 жылдарға арналған Университеттің Даму стратегиясымен қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбие, шаруашылық қызметін жүзеге асыратын құрылымаралық бөлімшелермен тұрақты өзара байланыс бірлігін қамтамасыз етеді.

Университеттің алқалы басқару органдары – Ғылыми кеңес, оқу-әдістемелік және ғылыми кеңестер болып табылады. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін тартумен, корпоративтік басқарудың базалық құрылымы ретінде Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді.

Бүгінгі кезеңде университетті басқарудың дамыған жүйесі стратегиялық жоспарлауға, менеджменттің заманауи әдістерін пайдалануға, сапаны жан-жақты ішкі бағалауға, корпоративтік оқыту және үздіксіз жақсартуға бағытталды.

Стратегиялық жоспарлаудың құрамдас бөлігі – білім беру қызметінің сапасы бойынша негізгі міндеттерді бейнелеп көрсететін Сапа саласындағы саясат болып табылады. Жоғары оқу орнының Стратегиялық мақсаты мен міндеттері жыл сайын барлық құрылымдық бөлімшелер деңгейінде проекцияланады және нақты әрекеттер мен орындалу мерзімі және жауаптылар көрсетілуімен іс-шаралар жоспарында келісім табады.

2014 жылы университет сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізді, сертификаттады және ойдағыдай дамытуды жалғастырады. Осы жүйе бірінші кезекте қолайлы білім беру, тәрбие және ғылыми ортаны қалыптастыруға бағытталды. Ол оқу үдерісін ұйымдастыру, студенттердің оқу сапасын арттыру, заңнамалық талаптарды сақтауда, сондай-ақ сыртқы бағалау процедураларына дайындықтың жоғары нәтижелеріне жету үшін күшті  құрал болып табылады. СМЖ-ны тарату және сертификаттау саласына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім енгізілді.

Өз қызметін жетілдіру үшін университет келесідей әртүрлі өзін-өзі бағалау түрлерін: аттестацияға, институционалдық және бағдарламалық аккредитацияға дайындық барысындағы өзін-өзі бағалау, рейтингтік агенттіктер критерийлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларына өзін-өзі бағалауды пайдаланады. Жоғары оқу орнында ішкі аудит процедурасы енгізілді және ойдағыдай жұмыс істейді. 15-тен аса сертификат берілген мамандар жүйелі түрде тексеріс жүргізеді. 2013 жылдан бастап тұтынушылық мониторингі жүйесі енгізілді: оқытушыларға, қызметкерлерге, жұмыс берушілерге, студенттер мен олардың ата-аналарына жүйелі түрде сұрақ-жауап жүргізіледі.

Қызметкердің біліктілігін арттыру бойынша шаралар кешенінің бөлімі – жыл сайынғы Сапа аптасын өткізу дәстүрі болып табылады. Апта бағдарламасына ғылыми-практикалық конференциялар, ақпараттық және ғылыми-әдістемелік семинарлар, кітаптар мен журналдар көрмесі, дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар, ашық сабақтар кіреді. Сапа аптасы шараларының тақырыптары заманауи мәселелерге сәйкес келеді.

Университет тәжірибесі менеджмент жүйесін жетілдіру үшін таңдалған бағыттан көрінеді, білімнің сапалық деңгейін өзгертуге, қызмет тиімділігін арттыруға, тұтынушылардың қанағаттанушылығының өсуіне, университет беделі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік туғызады.

Университет құрылымына мыналар кіреді: 4 кафедра, сапаны басқару бөлімі, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі, қызметкерлерді басқару бөлімі, оқу бөлімі, тіркеу кеңсесі бөлімі, практика және жұмысқа орналастыру бөлімі, студенттер бөлімі, жоғары оқу орнына дейінгі даярлық және талапкерлерді қабылдау бөлімі. Университеттің ұйымдық-басқару құрылымы стратегиялық мақсаттар мен тиімді басқаруды іске асыру идеяларына бағынады, шешімдер қабылдау мен нақты орындаудың оңтайлы үдерісін қамтамасыз етеді.

Университетте бірыңғай Тіркеу кеңсесі, оқу-әдістемелік және  инновациялық қызмет, сапа менеджменті қызметі, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар орталығы жұмыс істейді. Үнемі сабақ өткізу сапасы мониторингі, студенттерге, ПОҚ, жұмыс берушілерге білім беру қызметін көрсету сапасын жақсартуға бағытталған сауалнама жүргізіледі.

Университет бакалавриаттың 30 мамандығы, магистратураның 11 мамандығы, PhD докторантурасының 2 мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Болашақ мамандардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру мақсатында білім деңгейінің біліктілік шеңберіне және еңбек нарығының қажеттіліктеріне, Дублин дескрипторларына сәйкес университетте модульді білім беру бағдарламалары іске асырылады, оның ерекше өзгешеліктері         жеке білім беру траекторияларын құру, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу мүмкіндігі болып табылады.

Заманауи өндіріс жағдайында кәсіби дағдыны қалыптастыру үшін студенттердің барлық практика түрлері қала кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен келісім-шарттар негізінде ұйымдастырылады. Корпоративтік серіктестерді таңдау – практиканттарды мамандандыруға сәйкес жүзеге асырылады. Практика базасы ретінде,  сондай-ақ зертханалар пайдаланылады.

Жоғары оқу орнында дәстүрлі білім жаңа оқу түрлерімен және  әдістерімен, соның ішінде, ақпараттық технологиялармен үйлесімді байланыстырылатын университеттің жаңа моделі қалыптастырылады. Университет жұмысының маңызды бағыты – білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жөндеу және дамыту болады. Алматы Университеті серіктес-жоо-ларының бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарының, университет ПОҚ-ы мен қызметкерлерінің деректер базасы құрылды.

Кітапхана кешенінің қоры 500 000 данадан астамға жетті. Құрылым оқу, ғылыми, көркем әдебиеттер, аудиокөрсеткіш және электронды құжаттардың отандық және шетелдік басылымдар жинағын ұсынады. Кітапхана қорының жалпы санынан 258921 дана әдебиет қазақ тілінде ұсынылды. Кітапхана жыл сайын негізгі жедел ақпарат көздері болып табылатын, шетелдік және отандық кезеңдік басылымдар атауының көп мөлшеріне жазылуды жүзеге асырады. Кітапхана кешеніне 2 абонемент пен  2 оқу залы, каталогтар залы, сирек әдебиеттер бөлімі кіреді.

Білім алушылар мен ПОҚ-тың жергілікті электронды ресурстарға, баспаның электронды-кітапхана жүйелеріне, толық мәтінді жойылған Thomson Reuters ресурстарына, www.biblio-online.ru электронды кітапханасына, жойылған Polpred.com деректер базасына, қазақстандық ақпараттық орталықтардың толық мәтінді жойылған ресурстарына: ЖОО кітапханалары консорциумына, Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасына, Республикалық жооаралық электронды кітапханаға қатынауларына болады.

Университет міндеттерін іске асыру мен миссиясын қамтамасыз ету үшін профессорлық-оқытушылар құрамы басты ресурс болып табылады. Осыған байланысты, жоғары оқу орны кадрларды іріктеу, даярлау мен қайта даярлауға қатты көңіл бөледі. 4 кафедрада 146 оқытушы қызмет істейді, оның ішінде: 76-сы ғылыми дәрежелі және ғылыми атақты, сондай-ақ 52%-ды құрайды.  ПОҚ-тың орта жасы 40-тан 62 жасқа дейін - 70 адам (48%) болады, оның ішінде: 32 адам ғылыми дәрежелі және ғылыми атақты, сондай-ақ 22%-ды құрайды. 

Оқыту сапасын арттыру, өндіріспен тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету үшін тиісті салалардан қосымша жұмыс істеуші ретінде ғылым кандидаттары, мамандар шақырылады. 2015-2016 оқу жылында басқа ұйымдардан қосымша жұмыс істейтін 21 адам, оның ішінде: 3 ғылым кандидаты мен 7 магистр шақырылды.

Толығымен алғанда, ғылыми дәрежелі кадрлармен қамтамасыз ету бойынша оң үрдіс педагогикалық, экономикалық, заң ғылымдары сияқты салаларда бағаланады, сондай-ақ жоғары оқу орны бойынша ПОҚ-тың сандық және сапалық құрамын талдаудан көрінеді.

Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру ағымдағы жылдың кестесі негізінде жүзеге асырылады, 2015 жылы 46 адам еліміздің жоғары оқу орындарында машықтанудан, біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелер дайындауға, еліміздің индустриялы-инновациялық стратегиясын іске асыруға жәрдемдесуге, инновациялар арқылы жоғары білім сапасын арттыруға және ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар нәтижелерін енгізуге бағытталды.

Университетте  ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі келесі бағыттар бойынша қойылды: экономика, заңтану, дизайн, өнер, педагогика, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, бар ғылыми әлеуетті тиімді және нәтижелі пайдалану, сондай-ақ университеттің әртүрлі құрылымдары мен ғалымдары арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін, жобаларды іске асыру және қолайлы жағдайлар жасау үшін, университеттің ғылыми даму басымдықтарына сәйкес болашақ әзірлемелер бастау үшін    2014 жылы «Инновациялық технология» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Университетте Алматы Университеті ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін енгізудің кезеңдік жоспары бекітілді.

Жоғары білімді дамытудың басты-басты бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастық мәселелері болып табылады, оның басты міндеті – әлемнің білім беру кеңістігіне Қазақстанның жоғары білім жүйесін шоғырландыру болып табылады. Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі және халықаралық келісім-шарттар, келісімдер мен конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

Алматы Университетінің халықаралық қызметінің негізгі көрсеткіштері келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- дәрістер, семинарлар жүргізу, кеңес беру үшін шетелдерден жетекші профессорлар шақыру;

- халықаралық конкурстарға, фестивальдарға, конференцияларға қатысу және оны ұйымдастыру;

- халықаралық жобаларға, конференцияларға, конкурстарға магистранттардың қатысуы және сөз сөйлеуі.

Алматы Университеті шетел университеттерімен және Азия, Еуропа елдерінің халықаралық ұйымдарымен тұрақты байланысты қолдайды.

Халықаралық қатынас жүйесінде әлемдік стандарттар деңгейіне дейінгі оқу-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді талап ететін, бірлескен ұзақмерзімді жобалар мен келісім-шарттар маңызды орын алады.

Университет жетекші оқу орындарымен 10 келісім-шарт жасады, оның ішінде: 5 – жақын шетелдік, 5 – алыс шетелдік.

Толығымен алғанда, халықаралық ынтымақтастық қызметі белгіленген бағыттар бойынша жүргізіледі. Шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру стандарттары, оқу жұмыс бағдарламалары, ғылыми-практикалық конференциялардың бағдарламалары, ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер каталогтары бойынша тәжірибе алмасу болды.

Университеттегі тәрбие жұмысының басым бағыттары патриотизмге тәрбиелеу, тұтас жоғары мәдениет пен әлеуметтік-жауапты тұлғаны қалыптастыру, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамдық-саяси белсенділікті дамыту, азаматтық қатысу және озық дағды деңгейін арттыру, рухани-адамгершілік тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дарынды жастарды қолдау болып табылады.

Университеттегі тәрбие жұмысын оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор мен эдвайзерлер үйлестіреді. Студенттік жастар арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмысы, дөңгелек үстелдер мен конференциялар, елді индустриялы-инновациялық жетілдірудің басым мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жүргізіледі.

Университет студенттері мен қызметкерлері келесідей жыл сайынғы облыстық іс-шараларға: ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Патриоттар форумына, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Жастар форумына, ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шараларға, Халықаралық студенттер күніне арналған жастар акциясына қатысады. Университет базасында облыстық, қалалық форумдар, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулер, қоғамдық маңызды даталар мен оқиғаларға арналған конференциялар өткізіледі.

Тәрбие жұмысының маңызды бағыты студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту болып табылады. Университетте Жастар ісі комитеті (ЖІК) жұмыс істейді.

Қызығушылықтары бойынша шығармашылық бірлестіктер мен үйірмелер, студенттер ғылыми қоғамы, көңілді-тапқырлар клубы (КТК) жұмыс істейді.

Студенттік клубқа жыл сайын 500 студент тартылады, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтар жұмысы ұйымдастырылды. Клуб қызметі студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға және рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызатын мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шаралар жоспарын  орындау аясында жобалар іске асырылады, сауалнама жүргізіледі. Жоғары оқу орны базасында Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша студенттермен кездесулер өткізіледі. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша заңдар нормасын түсіндіру шаралары өткізіледі. Жастар бастамасы орталығымен, облыс жастары ұйымдарымен Жоғары оқу орнының студенттік өзін-өзі басқаруының өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Халқымыздың дәстүрі мен мәдениетіне ұқыптылықпен қарауға, отбасы тәрбиесінде зор имандылық пен адамгершілікті насихаттауға бағытталған мінез-құлық және тұлғааралық қатынас мәдениетіне тәрбиелейтін рухани-адамгершілік маңыздағы шаралар өткізілді.

Спорттық-сауықтыру жұмысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – студенттік жастар мен ПОҚ-тың бос уақытын ұйымдастыру, тәрбиелеу бағытындағы маңызды компонент болып табылады.

Жыл сайын студенттік спартакиадалар, профессорлық-оқытушылар құрамы арасындағы спартакиадалар, студенттер арасындағы спартакиадалар, сондай-ақ айрықша даталарға арналған бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыратын спорттық клуб жұмыс істейді. Ақысыз негізде спорттық-сауықтыру секциялары жұмыс істейді.

Университетте оқу, ғылыми, қоғамдық жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін үздік оқытушылар мен студенттерді ынталандыру жүйесі әрекет етеді. Корпоративтік мәдениетті қолдау жөніндегі шаралар өткізіледі.

Тиімді білім инфрақұрылымын құру – университеттің өз миссиясын ойдағыдай орындау – жоғары оқу орнының бірыңғай инновациялық, ақпараттық-аналитикалық, әлеуметтік бейімделген ортасын дамытудың қажетті шарты болып табылады. 

Университет оқу үдерісі мен қолайлы жұмыс, оқуды тиімді алып жүруді қамтамасыз ететін, дамыған материалдық-техникалық база мен заманауи инфрақұрылымға ие.

Университет балансында оқу-тәрбие үдерісін жүргізуді қамтамасыз ететін 3 оқу ғимараты бар.

Шаруашылық басқару құқығындағы университетке тиесілі пайдалы  оқу алаңы – білім ұйымының қызметіне көрсетілетін өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына, біліктілік талаптарына және мамандықтарды іске асыратын мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сай болады.

 

ІІІ. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен көрсеткіштері

Алматы Университетін дамытудағы жеткен жетістіктер мен көрсетілген шектеулер болашақ үшін өз маңыздылығын толығымен сақтайды. Алматы Университетін ойдағыдай дамыту – тек айқын көрінетін қиындықтарды жүйелі түрде жеңіп шығу жағдайында қамтамасыз етілуі мүмкін. 2015-2020 жылдар кезеңінде Алматы Университетін дамытудың стратегиялық бағыттарын таңдау – оның миссиясы, болжамы мен қазақстандық қоғам, ғылым және экономиканы дамытудың басымдықтарымен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесімен, білім саласындағы ҚР бағдарламалық құжаттарымен анықталады. Осының нәтижесінде келесідей стратегиялық бағыттар, мақсаты, міндеттері мен әрбір бағыт бойынша күтілетін нәтижелер анықталды (1-қосымша).

Алматы Университетінің Даму стратегиясын іске асырудың негізгі кезеңдеріне сәйкес болжам көрсеткіштері ұсынылды.       

Дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыру – екі кезең барысында Университет қызметінің басым бағыттары бойынша міндеттерді шешуді талап етеді:

Бірінші кезең (2015-2017 жж.): негізгі міндеті – оқу-тәрбие үдерісінен тұратын маңызды, әдістемелік, ұйымдастыру және ғылыми жаңартулар, заманауи бәсекеге қабілетті инновациялық инфрақұрылым құру мақсатында кадрлық, материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстарды топтау негізіндегі негізгі бағыттар қатары бойынша кадрлар даярлаудың инновациялық жүйесін дамыту.

Екінші кезең (2018-2020 жж.): негізгі міндеті – Көп бейінді үлгідегі университет – оның миссиясын орындау және келешекте одан әрі қызметті тұрақты дамуытуды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу және білім беру орталығын құруды аяқтау.

 

Күтілетін нәтижелер:

2015-2017 жылдары Университеттің материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыру білім беру және инновациялық қызметтен түсетін кірістер есебінен жүзеге асырылады.

Университет:

- заманауи білім беруді түрлендіру және қамтамасыз ету, білім беру үдерісімен органикалық тұтастықта ғылыми-зерттеу жұмысы мен инновациялық қызметті жүргізу;

- ғылымның өзекті бағыттары бойынша экономиканың басым секторларында жоғары технологиялар мен инновациялық әзірлемелер жасауға, еліміздің басым ғылыми бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге бағытталады;

- нәтиже мен инновациялық білім беру технологияларын

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz