Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

 

Алматы Университеті

Кітапханасының ақпараттық қорларын пайдалану

ЕРЕЖЕСІ

 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 

   Кітапхананы пайдалануға оқытушылардың, студенттердің, магистранттардың, қызметкерлердің құқығы бар.

   Кітапханада оқырмандарға уақытша пайдалану үшін кітаптар, газеттер, жорналдар және басқа да ғылыми кітапханадағы құжаттар беруді ұйымдастырған.   

     Кітапханада қызмет көрсету түрлерінің бәрі тегін беріледі.

     Үйге абонемент арқылы кітап беріледі. Үйге кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы қалса берілмейді. Оқырман залына берілген әдебиетті алып кетуге рұқсат берілмейді.

     Кітапханаға жазылу үшін, оқырманның университетте оқитынын куәландыратын құжат көрсетуі және екі дана суреті бойынша жүргізіледі. Оларға бірыңғай оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады.

    Оқырман билеті ғылыми кітапхананың барлық абонементтері мен оқырман залын пайдалануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады. Оқырман билетінің қолданылу мерзімі университетті бітіргенше жарамды. Кітапханаға жазылар алдында оларды  кітапхананың тәртібімен таныстырады және студент оларды орындауға міндеттемені оқырман формулярына қол қойып құптайды.

 

 

АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ.

    

      Оқырман абонементпен әдебиеттерге тапсырыс берер кезде оқырман билетін көрсетуі, оқырман талаптарын толтырып, әрбір данаға қол қоюы тиіс.
     Үйге әдебиеттер абонементпен мына мерзімдерге беріледі:
- қоғамдық ғылымдар бойынша оқу әдебиеттері оқу жылына;
- оқу және әдістемелік әдебиеттер тиісті пәнді оқып болғанша белгіленген мерзімге қайта тіркеу арқылы беріледі;
- ғылыми және арнаулы әдебиеттерді саны 2-3 кітап болса, 15 күнге белгіленген мерзімге қайта тіркеу арқылы беріледі;
- көркем әдебиеттер саны 1-2 кітап болса, 15 күнге дейін белгіленген мерзімге қайта тіркеу арқылы беріледі.
       Кітаптарға оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін.
    Кітапты белгіленген мерзімнен асыра пайдаланса, оқырмандардан айыппұл шаралары кітаппен ғана алынады. Кітапты жоғалтқан оқырман орнына бағасы бірдей әдебиет немесе мазмұны бойынша ұқсас, немесе кітапханаға қажетті кітаппен өтеуі тиіс.
  Сырттай оқитын студенттер қажетті әдебиеттермен сессияаралық кезеңдерде ғана қамтамасыз етіледі.
     Студенттер әдебиеттерді 31-ші шілдеге дейін өткізіп, қайта тіркеуден өтулері тиіс.
 

 

ОҚЫРМАН ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ.

 

Оқырмандар оқу залында әдебиеттерге тапсырыс беру үшін оқырман билетін көрсетеді, басылымды алар кезде оларға кітап формуляры беріледі. Кітап формуляры оқырманның кітап алған күні мен берген шындығын, сондай-ақ кітапханашының кітапты және басқа да шығармаларды қабылдағанын куәландыратын құжат болып табылады.

Оқырман залына берілетін кітаптар мен басқа да баспасөз шығармаларына қағида бойынша шек қойылмайды. Кітапханадағы бар кітаптарға бірыңғай сұраныс болған кезде берілетін кітаптар данасына шек қойылуы мүмкін.

Кітап қоймасынан оқырман залына берілетін  әдебиеттер белгіленген мерзімге брондалуы мүмкін. Энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, ағымдағы басылымдар, сирек және құнды кітаптар тек оқырман залына ғана беріледі.

Әдебиеттерді оқырман залынан алып кетуге тыйым салынады. Тәртіпті бұзған жағдайда оқырмандар ғылыми кітапхананы қолдану құқығынан кітапхана дирекциясы белгілген мерзімге дейін айырылады.

 

 

ОҚЫРМАНДАР ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

 

Оқырмандар мыналарға құқылы:

-     кітапхана беретін, кітапхана-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;

  -   ақпарат дереккөздерін іздеу мен таңдауда консультациялық көмек алуға;

  -   кітапханада электрондық техника бар болса электрондық тізімдеме мен басқа да қызметтер деректерін пайдалануға;

  -   кітапхананың барлық абонементтерінде уақытша пайдалану үшін кітаптар мен кез келген басқа да ақпарат көздерін алуға;

-   тізімдемелер мен тізімдіктер және басқа да кітапханалық ақпарат беру түрі жүйелері арқылы кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпараттар алуға;

-  ақпарат дереккөздерін іздеу мен таңдауда консультациялық көмек алуға.

 

Оқырмандар мынадарға міндетті:

  • Әдебиеттер алу үшін оқырман билетін көрсетуге, талаптарды толтыруға және оқырман талаптарында әрбір алынған басылымға қол қоюға;
  • жыл сайын, оқу жылы аяқталған соң өзінің оқырман билетіндегі кітапхана белгілеген мерзімдегі әдебиеттерді көрсетіп қайтадан тіркелуге;
  • қайтадан тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді;
  • оқырман билетін бөтен адамға беруге, сондай-ақ бөтен адамның оқырман билетін пайдалануға тыйым салынады;
  • кітапханаға жазылмас бұрын оқырмандар кітапхананы пайдалану тәртібімен танысып, оны орындау туралы міндеттемені оқырман формулярына қол қойып құптауға;
  • оқырмандар кітапхана қорынан алған басылымдарға ұқыпты қарауға тиіс: оған белгі салуға, астын сызуға, беттерін жыртуға болмайды;
  • әдебиеттерді алған кезде әрбір басылымдарды мұқият қарап шығып, егер қандай да бір ақау табылған жағдайда ол туралы кезекші кітапханашыға хабарлауға;
  • олай болмаған жағдайда, кітаптың бүлінгеніне кітапты соңғы пайдаланған оқырман жауапты болады;
  • Кітап немесе басқа да басылым шығармалар жоғалған жағдайда, оқырман орнына бағасы бірдей әдебиет қоюға; 
  • Кітапханаға зиян келтірген оқырман Қазақстан Республикасы заңнамаларына және кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
  • Университеттен шығарылған жағдайда оқырман кітапханамен толықтай есеп айырысып, оқырман билетін өткізуі тиіс.

 

 

Алматы Университеті
 
КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

      Кітапхана оқырмандарға, жоғарғы кәсіби білім беру ұйымдары мен кітапхананы пайдалану тәртіптерінің кітапхана туралы Ережелеріне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кітапхана мыналарға құқылы:

- кітапхана берген кітаптардың қайтарылуына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыруға;                          

 - кітапхананы пайдалану Ережесін бұзған оқырманға айыппұлдық ықпалшара қолдануға.

     

    Кітапхана мыналарға міндетті:

-    оқырмандар кітапхананың барлық қорларын қолдануын қамтамасыз етуге;

-   сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуге, оқырмандарға қажетті әдебиет таңдауға көмек көрсетуге, ауызша кеңестер беруге, оларға тізімдеме мен тізімдіктерді пайдалануға мүмкіндік беруге, кітап көрмелерін ұйымдастыруға, библиографиялық  шолуларға,  ақпарат күні, кафедра күні және басқа да шаралар өткізуге;

-    кітапханада оқырмандар жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасауға және қолдауға;   

-    оқырмандар талабын білуге және толықтай қанағаттандыруға;

-    компьютірлендіру мен озық технологияны енгізе отырып, кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;

-    студенттердің оқуын, оларды кітап сүйгіштікке баулуды, өз бетінше тұрақты білім алу мен білімге талпынуды басқаруға;

-    оқу мәдениетін, оқырмандарды кітапхана-библиографиялық білім негізі бойынша кітапхана-библиографиялық сауаттылығын ауызша кеңес, әңгіме және сабақ беру арқылы арттыруға;

-    белгіленген тәртіпке сәйкес қордағы басылымдарды тіркеу, сақтау және пайдалануды жүзеге асыруға;

-    ұлттық мәдени игіліктің бір бөлігі болып табылатын өз қорларын сақтауға жауапты болуға:  оқырманға кітапхана берген кітаптардың уақтылы қайтарылуын қадағалау, оқырманнан бұрын үйге берілген кітапты қайтарып алғаннан кейін ғана кезекті кітапты үйге беруді жүргізуге;

-    оқырман қарыздарын болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар өткізуге;

-    оқырмандардың кітапханада сақталған құжаттарға қол жетімділігін шектеуге болмайды.

 

ОҚЫРМАНДАРҒА МЫНАЛАРДЫ  ЖАСАУҒА ТЫЙЫМ  САЛЫНАДЫ:

-    кітапханаға сырт киіммен кіруге;     

-    оқу залында ұялы телефон қолдануға;

-    кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

-    кітапханадан кітаптар алып кетуге;

-    кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгі салуға, астын сыхуға, беттерін жыртуға, түптерін бүктеуге және т.б.);

-    тізімдемелер мен тізімдіктерден карточкаларды шығарып алуға;

-    кітапханашының рұқсатынсыз қызметтік бөлме мен кітап қоймасына кіруге.

Жоғарыда көрсетілген тәртіптерді бұзған жағдайда оқырмандар, әрбір жағдайға жекелей белгіленген мерзімге дейін кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.  Кітапхананы пайдалану тәртібін дөрекі бұзған оқырман туралы ақпар кафедрада қарауына жіберіледі.

 

 

Алматы Университеті кітапханасының
электрондық оқу залы туралы
ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1.1 Электрондық оқу залы кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2 Электрондық оқу залы заманауи компьютерлік технология мен заманауи байланыс құрал негізінде оқу, тәрбиелік үдеріс және ғылыми зерттеулердің   ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етуін жүзеге асырады.

1.3 Электрондық оқу залы оқырмандардың электрондық тасымалдау ақпаратына жиналу, сақтау және қол жеткізу орталығы болып табылады.

1.4. Электрондық оқу залы Алматы Университеті Жарғысына, сондай-ақ өзгертулер мен қосымшаларды Алматы Университеті ректоры бекітетін осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

2. Негізгі міндеттер

2.1 Университет кітапханасын пайдаланушыларды Интернет ресурстарына, электрондық тиізімдемелерге, электрондық ақпараттық ресурстарға қол жетімділігін ақпараттық талаптарға, білім беру-кәсіптік бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес қамтамасыз ету.

2.2 Электрондық құжаттар қорын университет бағдары мен оқырмандардың ақпараттық талаптарына сәйкес қалыптастыру.

2.3 Электрондық ресурстар мен анықтама-іздеу аппараттарын ұйымдастыру.

2.4 Қолданушыларға электрондық құжаттармен жылдам және толықтай қызмет көрсету.

2.5 Кітапхана қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын кітапханалық үрдістің автоматтандырылған негізінде қамтамасыз ету.

2.6 Электрондық оқу залы мен семинарлар, шаралар және тағы да басқалар өткізу үшін жабдықтар жоғары ақпараттық және техникалық қолайлылық жағдайда берілуі тиіс.

3. Негізгі қызметтер

3.1. Электрондық оқу залы пайдаланушыларды жергілікті, сонымен қатар электрондық ресурсқа мүмкіндігі жойылып кеткенді де ұйымдастыру арқылы қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

3.2. Ақпараттық ресурстардың дерекқорларын пайдаланушылардың оқу жоспарларына және бағдарламаларна, ғылыми зерттеу тақырыптарына және ақпараттық талаптарына сәйкес қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

3.3. Мынадай ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

3.3.1. Тақырыптық, атаулы, фактографиялық және басқа да анықтамалар түрін жасайды.

3.3.2. Пайдаланушыларға ақпараттар іздеу, ақпараттық жүйелермен жұмыс және электрондық дерекқор мәселелері бойынша кеңес береді.

3.3.3. Электрондық ақпараттар тақырыбынан бас тартуды зерттеп, талдайды және оларды жоюға шаралар қолданады.

3.4. Ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етеді, ресурстар сілтемесінің оған сәйкестігін тексеруді жүйелі өткізеді.

3.5. Бұқаралық ақпарат құралдарын дерекқорға жаңа қолжетімділік туралы  және электрондық оқу залы жұмысын насихаттауды жылдамдату үшін пайдаланады.

3.6. Бөлім қызметтерінің барлық бағыттарын жетілдіру бойынша әдістемелік жұмыс жүргізеді.

3.6.1. Пайдаланушылар талаптарын қанағаттандыру деңгейін  пайдаланушылардың ақпараттық талаптары мен ақпараттық электрондық ресурстар құрамы сәйкестігіне келтіру мақсатында зерттейді.

3.6.2. Электрондық оқу залы анықтамасы апппаратын қолдану тиімділігін талдайды.

3.7. Озық ақпараттық технологиялар, қолданушыларға электрондық ресурстармен қызмет көрсету мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізеді.

4. Басқару 

4.1 Электрондық оқу залын кітапхана меңгерушісі басқарады. Кітапхана меңгерушісі электрондық оқу залы жұмысының нәтижелеріне өзінің құзіреті шеңберінде толықтай жауапты болады.

4.2 Электрондық  зал қызметкерлерін кітапхана меңгерушісінің ұсынысымен жоғары оқу орны ректоры  жұмысқа тағайындайды және шығарады.

4.3 Электрондық оқу залы жұмысы жоғары оқу орны кітапханасының бірыңғай жұмыс жоспары негізінде құрылады.

4.4 Электрондық оқу залы қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері, кітапхана меңгерушісі жасап, АУ ректоры бекітетін лауазымдық нұсқаулық пен атқарымдық міндеттерімен анықталады.

4.5 Электрондық оқу залы қызметкерлері белгіленген тәртіпте аттестаттаудан өтеді.

5. Электрондық оқу залын пайдалану тәртібі 

5.1 Жалпы ережелер

Электрондық оқу залы оқытушылар, студенттер, АУ қызметкерлерінің анықтама-библиографиялық, фактографиялық және толық мәтіндік ақпараттарды беру мақсатында өз бетімен жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған.

5.2. Электрондық кітапханаға кіруге рұқсат түрлері 

Электрондық оқу залы ресурстарына кіру мынадай бір жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады:

  • Жалпы университеттік жергілікті торап;
  • Интернет арқылы кедергісіз кіру.

5.3. Пайдаланушылардың құқығы мен міндеттері

Кітапхананың барлық санаттағы пайдаланушылары мыналарға құқылы:

  • кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпаратты электрондық тізімдеме мен кітапханалық ақпараттың басқа да түрлері арқылы алуға;
  • ақпараттың электрондық дереккөзін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек алуға;
  • ақпараттың электрондық дереккөзімен жұмыс кезінде кеңестік көмек алуға;
  • кітапхананың электрондық оқу залы ресурстарына тегін кіруге;
  • Интернеттің электрондық бейкоммерциялық ресурстарын пайдалану.

Өз бетімен жұмыс істеуге компьютерде жұмыс істеуге икемі бар оқырмандар жіберіледі.

Бір ғана дербес компьютермен екі адамнан артық жұмыс істеуге болмайды.

Пайдаланушылар компьютермен жұмыс істегенде Санитарлық ереже мен қағидаларын, қауіпсіздік техника ережелерін, жоғары оқу орны кітапханасын пайдалануды сақтаулары керек.

Электрондық оқу залындағы компьютерлік жабдықтарға ұқыпты болулары керек.

 

5.4. Жоғары оқу орнының жергілікті-есептеу желісіндегі, кітапхананың электрондық тізімдеме ресурстарын пайдалану тәртібі  

Кітапхананың жергілікті-есептеу желісіндегі ресурстарға қолжетімділігі, кітапхананың жұмыс уақтындағы оқу залының автоматтандырылған жұмыс орнында ұйымдастырылған.

Кітапхананың электрондық тізімдемесіне қолжетімділік кітапхана пайдаланушының кез келген автоматтандырылған жұмыс орнынан құжаттардың библиографиялық сипатамасы арқылы беріледі.

АУ кітапханасы қазақстанның кітапхана-ақпараттық «КАБИС» жүйесін қолданады.

Пайдаланушы қажет кезде, электрондық ресурстармен жұмыс кезінде, залдағы қызметкерден электрондық ресурстарды іздеу мен таңдауда кеңес алуына болады.

Пайдаланушыға кітапхана қорындағы СD-мен жұмыс істеуге, сондай-ақ электрондық тасымалдаушының қосымшасы ретіндегі оқулықтармен және журналдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

 

Кітапхананың электрондық оқу залында жұмыс істеу тәртібі

Жалпы ереже

1.  Электрондық залдағы жұмысқа: оқу билеті, студенттік билет, магистрлік куәлік және басқа да жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен студенттер, магистранттар мен оқытушылар, университеттің басқа да санаттағы қызметкерлері жіберіледі. Залдағы жұмысқа сонымен қатар, Windows-да жұмыс істеуге икемі бар қолданушылар жіберіледі.

2.     Қолданушы оқу залындағы кезекші оператор белгілеген нақты дербес компьютермен (ДК) жұмыс істейді.

3.     Оқу залының қызметкерлері байланыстың сапасы мен жоқтығына жауап береді.

4.     Ақпараттық ресурстарға электрондық тасымалдаушымен тегін кіріп оқу, ғылыми және зерттеу мақсаттарында ғана рұқсат беріледі.

5.     Пайдаланушы жұмыс орнында 10 минуттан аса уақыт болмаса, онда ол орын бос деп саналады.

6.    Оқу залына сырт киіммен кіруге болмайды. Жеке бас заттары (сөмке, қалта, қолшатыр және т.б.) тағайындалған орындарға қойылады.

 

Санитарлық қағидалар

1.     Пайдаланушының бір жұмыс орнының ең аз деген жері–4.5 м2-ден кем емес.

2.     Монитордың бүйір жақ бет арасының арақашықтығы –1.2 м2-ден кем емес.

3.     Электрон залындағы монитор экраны пайдаланушы көзінен 50 см.--ден жақын емес, қолайлы 60-70 см қашықтықта болуы тиіс.

4.     Электрондық оқу залы бөлмесі медициналық дәріқұтымен, ауа кондициялау немесе желдеткіш жүйелерімен жарақтандырылуы тиіс.

5.     ДК үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы регламенттелген үзілістен басқа 1 сағаттан аспауы тиіс.

6.    Жұмыс құжаттары тұрған жердегі үстел үсті жарықтылығы 300-500 лк. болуы, жарық экран бетіне ақ дақ түсірмеуі тиіс. Экран беті жарықтылығы 300 лк.-ден көп болмауы тиіс.

7.     Электрондық оқу залы бөлмесінде күнделікті ылғалды тазалау жасалуы тиіс.

 

Пайдаланушы құқығы

Пайдаланушы мыналарға құқылы:

Кітапхананың электрондық оқу залында бар ақпараттық ресурстарға кіруге рұқсат алуға.

Оқу залындағы компьютерге салынған бағдарламалармен жұмыс істеуге.

Ақпараттарды тек аусымды тасымалдаушыға немесе «Менің құжаттарым» папкасына сақтауға.

Қосымша ақылы қызметтер (көшіріп алу, файлдарды басып шығару және т.б.) алуға.

 

Пайдаланушының міндеттері

Пайдаланушы мыналарға міндетті:

1.     Кітапханаға кірерде кітапхана қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге.

2.     Тіркеу журналына жұмысын бастамай тұрып тіркетуге.

3.     Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен танысуға.

4.     Зал қызметкеріне өзіне бөлінген жұмыстан бас тартатынын хабарлауға.

5.     Зал қызметкеріне компьютерді қосқан немесе жұмыс істеп отырған кезде ақаулығы барын білген соң дереу хабарлауға (желдеткіштің қатты гүрілі, күйік пен түтін иісі пайда болуы, монитор экранында суреттің жоқ боп кетуі, вирус болу күдігі болғанда, бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс кезіндегі іркіліс және т.б.).

6.     Осындайлар пайда болғанда келтірілген материалдық шығынның орнын толтыруға.

Пайдаланушыларға мыналарды жасауға тыйым салынады:

1.     Қоғамдық орындарда көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық ережелер мен тәртіп қағидаларын бұзуға;

2.     Монитор экраны мен клавиатураға біруақытта жанасуға, қуат көзі жұмыс істеп тұрғанда жүйелік блоктың артқы панеліне тиюге, қуат көзі жұмыс істеп тұрғанда шеткері құрылғының интерфейстік кабельінің жалғағышын ауыстыруға, қондырғының жоғарғы панеліне қағаз және бөгде заттарды үйіп тастауға, қуат көзін өшіруге, ДК қондырғы үстіне ылғал түсіруге, ДК қондырғысы корпусын алып тастауға немесе ашуға болмайды;

3.     Пайдаланушының өзіне тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыз ету қондырғысын қоюға және компьютердің операциялық жүйе кескіндемесін өзгертуге, файлға өзгертулер енгізуге;

4.     Өз бетінше құжаттарды басып шығаруға;

5.     Әдепсіз сипаттағы, зорлық-зомбылық туралы, экстремизм және тағы басқа да ақпараттарды қарауға және таратуға.

Оқу залын пайдалану тәртібін, сонымен қатар залдағы тәртіпті бұзғанда пайдаланушы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тәртіптік, мүліктік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Электрондық оқу залы қызметкерлерінің міндеттері

Электрондық оқу залының қызметкерлері мыналарға міндетті:

1.     Пайдаланушыларға белгіленген тәсілмен тіркеу жүргізу.

2.     Пайдаланушыларды осы ережелермен таныстыру.

 

Студенттерге қатаң кесте бойынша қызмет көрсетіледі

 

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма  -   педагогикалық мамандықтар кафедрасының  студенттері                                           

 

Сейсенбі, бейсенбі, сенбі -  бизнес және құқық мамандықтар кафедрасының студенттері

 

 

 

Кітапхананың жұмыс тәртібі

                                        

Дүйсенбі:   9.00-ден - 18.00-ге дейін.

Сейсенбі:   9.00-ден - 18.00-ге дейін.

         Сәрсенбі:   9.00-ден - 18.00-ге дейін.         

       Бейсенбі:   9.00-ден - 18.00-ге дейін.       

 Жұма:       9.00-ден - 18.00-ге дейін. 

 Сенбі:       9.00-ден - 18.00-ге дейін.  

 

 

Жаңа түсімдер

 

Кітапхана жыл сайын жаңа әдебиеттер сатып алады. Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ай сайын жаңадан сатып алынған әдебиеттерді көріп, шолулар жүргізіледі. 

 

 

Бізді қалай табуға болады

 


Бөлімшелер атауы
Тұрған жері
1
Алматы Университеті Кітапханасы
Аксай-3 ықшам ауданы,
36 үй,
10 қабат
тел: 2485646
2
Абонемент, оқу залы,
                 электрондық зал
Аксай-3 ықшам ауданы,
36 үй,
10 қабат
тел. 2485646
 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz