Алматы университеті
ҚР Мемлекеттік рәміздері
facebook youtube google
eye 
Қазақша Русский English  中文
Галереядан сурет

 

    Әділбекова Хадиша Кондратьевна

Іс-тәжірибе және жұмысқа орналасу бөлімінің бастығы
8 қабат, № 804 кабинет
Аксай-3 ы.а., Б. Момышұлы көшесі, 36
+7(727) 248-57-48 ішкі. 118
e-mail: adilbekova56@mail.ru       
 

     

 

     Университеттегі «Іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру» бөлімі Алматы университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің жарғысына сай жұмыс атқарады. Бұл бөлімнің қызметі студенттердің кәсіби тәжірибеден өту кезінде және университет түлектерін мүмкіндігінше еңбекпен қамтуда көмек көрсетуге бағытталған.

       Іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің негізгі міндеттері әлеуметтік серіктестіктерді кеңейту, университеттің мектептермен, басқа да білім беру ұйымдарымен, өндіріс орындарымен, жергілікті басқару ұйымдарымен және ғылыми мекемелермен байланысын нығайту. Студенттердің оқу және кәсіби, өндірістік, диплом алды тәжірибеден өтулеріне көмек көрсетеді. Еңбек нарығында жүргізілген сараптама нәтижесіне сай еңбек нарығындағы құрылым қажеттілігін болжау, аймақтағы және кәсіби жоғары білім салаларындағы сұранысқа мамандарды ұсыну, университет түлектерінің  жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды.                           

       Университеттегі «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасы мен «Бизнес және құқық» кафедраларымен бірлесе отырып тәжірибенің түрлерін атап айтсақ: Педагогикалық тәжірибе, өндірістік тәжірибе, үзіліссіз оқу тәжірибесі, диплом алды тәжірибелері жоспарлап ұйымдастырылды.  Барлық мамандықтар бойынша жалпы міндетті білім стандартында практиканы жүзеге асыру шарттарына оның құрамы мен ұйымдастырылуы, өткізілудің негізгі типтік орындары, нәтиже қорытындылары және презентация өткізілетін орындарына жалпы білім беретін мектептер мен гимназия, лицейлер, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер, банктер, балабақшалар т.б. ұйымдар ұсынылып, тәжірибе барысында ұйымдастыру конференциясы мен қорытынды конференция өткізу белгіленген.

 
 
 
 
 

      Бүгін 20 ақпанда, Алматы Университетінде «Нұр Отан» партиясы, Әуезов аудандық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы аясында өткізілген дөңгелек үстөл жиынының "Жас маман" атты 2016-2017жылғы бітіруші студенттер мен бітіріп кеткен түлектердің қатысуымен дөңгелек үстөл өткізілді.

   Жиынға университетіміздегі тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Т.Аманғалиева, Іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі Х.К.Әділбекова, ғылыми кеңестің хатшысы Ш.Мақсұтхан, "Педагогикалық мамандықтар" кафедрасының меңгерушісі Б.Л.Махмутов, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және талапкерлерді қабылдау бөлімінің бастығы Ж.С.Саурыкова, "Бизнес және құқық" кафедрасының лаборанты А.Еламанова, офис регистратор Н.А.Алдабергенова, Көп салалы облыстық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ш.Қ.Құралбекова, ҚазҰПУ-нің биология мамандығының магистранты Ж.Хафизова, Алматы Университеті Жастар комитетінің төрайымы 4-курс студенті Г.Сәлімбай және бітіруші студенттер қатынасты.

    Жиынды Іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі Х.К.Әділбекова ашып, университетіміз жайлы, бітіруші түлектеріміздің жетістіктері, жас мамандар жайында айтып өтті. Тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Т.Аманғалиева университетімізде болып жатқан әр түрлі мерекелік шаралар, белсенді студенттеріміз жайында  айтты.

    ҚазҰПУ-нің биология мамандығының магистранты Ж.Хафизова  осы университетті бітіргендігін мақтанышпен айтатындығын, университеттің Ректоры С.Қ.Шілдебайға, профессор-оқытушылар құрамына шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді. Университетіміздегі жастар комитетінің төрайымы Г.Сәлімбай, студент Н.А.Алдабергенов, лаборант А.Еламанова, студент Р.Набиев т.б. өз  пікірлерін ортаға салып, бітіруші студенттерге сәттілік тіледі.                    

 
 
 
 
 
 
 
 

Біздің түлектеріміз - біздің мақтанышымыз!

 

Алматы Университетінде бітіруші түлектердің ассоциациясы құрылды. Ассоциация төрайымы - Мажатаева Светлана Онконысовна №180 балабақша меңгерушісі.

Мүшелері:

1. Есентаев Тимур - Алматы үздіксіз білім беру колледжінің директоры.

2. Құдайбергенова Айнур Берікқызы - Алматы облысы, Іле ауданы, Ішкі Істер Басқармасының аға сержанты.

3. Құралбекова Шырын Қайратқызы - көпсалалы үздіксіз білім беру колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

4. Болатбеков Жұмабек Болатбекович - ТОО "Eurotransit Terminal" компаниясының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

5. Хафизова Жангүл Еділқызы -  Алматы Университеті студенттік бөлімінің әдіскері.

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
14-05-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
05-03-2019
Құрметті студенттер мен оқытушылар!!!
Толығырақ
12-11-2018
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Толығырақ
12-11-2018
«Жалпыхалықтық диктант»
Толығырақ
25-10-2018
HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі
Толығырақ
10-08-2018
Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді.
Толығырақ

© 2008–2019, Алматы Университеті
Адрес: 050007, г.Алматы,  мкр.Аксай-3, ул.Б.Момышулы 36
Телефон: +7 (727) 248-57-48, 248-56-58

Канцелярия: +7 (727) 248-57-48
Приемная комиссия: +7 (727) 248-57-38 (внут. 116)
e-mail: info@almaty-university.kz

Старый сайт: old.almaty-university.kz Почтаға кіру:  mail.almaty-university.kz